Ақышев Назарбаевқа теңге бағамы жайлы: Алаңдауға еш негіз жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақышев Назарбаевқа теңге бағамы жайлы: Алаңдауға еш негіз жоқ Данияр Ақышев пен Нұрсұлтан Назарбаев. © akorda.kz

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Мемлекет басшысына Ұлттық банктің еліміздің қаржы секторын ілгерілету жөніндегі жұмыстарының қорытындысы туралы есеп берілді.

Қазақстан Президенті қазір ұлттық валютаның еркін айырбас бағамы саясатының жүргізіліп жатқанын айтып, Ұлттық банктің инфляция өсіміне жол бермеу жөніндегі міндетін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Ақышев Нұрсұлтан Назарбаевқа валюта және қаржы нарығындағы қазіргі ахуал туралы баяндады.

"Жалпы, ахуал тұрақты. Қазір тамыз айының басында ішкі және сыртқы сипаттағы жекелеген факторлар әсерінен болған ауытқулардан кейін айырбас бағамы тұрақтанды. Алаңдауға еш негіз жоқ", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Елбасы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске салайық, ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының күндізгі саудасында 332,37 теңгеге тең болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети