Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша отырыстың қашан өтетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша отырыстың қашан өтетіні белгілі болды Ақжарқын Тұрлыбай

Қытайда қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты отырыс күні белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетовке сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты отырыс күні белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетовке сілтеме жасап. 

Қорғаушының сөзінше, Ақжарқынның ісіне қатысты Гуанжоу сотындағы отырыс 2016 жылдың 25 қазанына белгіленді. "Тыңдау өтетіндігі туралы барлық мүдделі тұлғалар құлақтандырылды, қорғаушылар, Тұрлыбайдың туыстары және ҚР ІІМ өкілдері қатысады. Қорғаушы жақ сот қайырымдылық танытады деген үмітте және барлық бей-жай қалмаған жандарға алғыс білдіреді", - деп айта кетті қорғаушы.

Еске салайық, мұның алдында аппеляциялық сот қазақстандық қыздың өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өзгерткен болатын. Еске сала кетейік, қазақстандық 20 жастағы студент Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурызында Қытай мен Малайзияның шекарасында ұсталды. Оның жүгінен 4,5 келі есірткі табылды. Қыз сөмкесінде есірткінің барын білмегенін, оны біреулердің беріп жібергенін айтты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети