07 сәуір 2019 | 13:00

Әр ауданға 1 миллиард теңге беріледі - Түркістан облысының әкімі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен Сурет Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен

Түркістан облысындағы аудан, қалаларға 1 миллиард теңге қаржы беріледі. Бұл қаражат халыққа биыл пайдасы тиетін, нәтижесі көзге көрінетін, жылдар бойы шешімін таппаған мәселелерді шешуге жұмсалуы керек. Облыстық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті XXXVII сессиясында аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Иконка комментария блок соц сети

Облыс әкімі бұл бастама аудандардағы қордаланған өзекті мәселелердің шешімін табуға оң септігін тигізетінін айтады.

"Түркістан облысының аудандары мен елді мекендерін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілу қажет. Елді мекендердің мәселелерін жүйелі түрде шешуіміз керек.  Осыған орай, аудандарды қолдау мақсатында алдағы үш жылда 1 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Бұл қаражатты дұрыс бағытта жұмсап, игерген ауданға кейінгі жылы 2 миллиард теңге берілсе, ал игере алмаған аудандардың қаражаты керісінше қысқарып отырады. Осы арқылы ауданда атқарылған жұмыс нәтижесін аңғаруға болады", - деді Өмірзақ Естайұлы.

Сондай-ақ өңір басшысы облыс бюджетінің кіріс бөлігінің тым аз екенін сынға алып, оны екі есеге ұлғайтуға кірісетіндігін жеткізді.

"Бюджеттің кіріс бөлігіне қатысты айтар болсам, облыс тек 53 миллиард теңге ғана кіріс табуда, менің ойымша, облыс кірісін  100 миллиард теңгеге дейін, яғни 2 есеге ұлғайтуға қабілетіміз жетеді. Сондықтан да бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту жөніндегі жұмысты жоспарлы түрде жүргізу қажет. Сондай-ақ,  республикалық бюджет қаражаты қаралған облыстың Кешенді даму жоспарын қайтадан дұрыстап қарау қажет", - деді облыс басшысы. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети