Әр жылдары Қазақстан Тәуелсіздігі күні қанша баланың дүниеге келгені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әр жылдары Қазақстан Тәуелсіздігі күні қанша баланың дүниеге келгені анықталды © brand-mag.ru

Әр жылдары Қазақстан Тәуелсіздігі күнінде 14 666 бала дүниеге келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әр жылдары Қазақстан Тәуелсіздігі күнінде 14 666 бала дүниеге келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметінше, 1999-2015 жылдар аралығында 16 желтоқсанда 14 666 бала дүниеге келген. Олардың 7 289-ы ұл да, 7 377-сі қыз. Ең көп бала Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында дүниеге келіпті - 1 260 бала.


Инфографика ©Владимир Дмитриев

Айта кетейік, тәуелсіздік жылдарында ең көп қойылған есімдер Ерасыл, Александр, Диас, Азамат, Максим, Дмитрий, Руслан, Санжар және Мирас; ал қыздарда - Аружан, Айдана, Анастасия, Диана, Аяулым, Алина, Мадина, Айзере, Айару, Арайлым болды,

Еске салайық, осыған дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіндегілер Тәуелсіздіктің 25 жылында қойылған есімдер жайлы қызықты мәліметтерді жария еткен еді. Тәуелсіздіктің 25 жылында, 1991 жылдың 16 желтоқсанынан 2016 жылдың 6 желтоқсанына дейін 31 810 адамға Нұрсұлтан деген есім берілген. Ал Қазақстанның бірінші ханымының есімі Сара 3 512 қызға берілген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети