Әр үйге оптикалық интернет орнатамын деп уәде бермеймін - министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әр үйге оптикалық интернет орнатамын деп уәде бермеймін - министр Фото: elements.envato.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстандағы әрбір үйге оптикалық-талшықты интернет жүргізу үшін миллиардтаған доллар инвестиция қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстандағы әрбір үйге оптикалық-талшықты интернет жүргізу үшін миллиардтаған доллар инвестиция қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің халыққа есеп беру кездесуінде Түркістан облысының тұрғынынан осыған қатысты сұрақ қойылды.

"Әр үйге оптикалық интернет орнатамын деп уәде бермеймін, негізгі сұрақ осы шығар, өйткені бұл миллиардтаған доллар инвестицияны қажет етеді, мұндай экономикалық жағдайда субсидия алу өте қиын.

Бірақ біз ауыл тұрғындары онлайн-алаңдарға кіріп, тауарларын электрон коммерция платформаларында сата алуы үшін, YouTube немесе басқа платформаларда видео көруге мүмкіндігі болуы үшін сапалы мобильді Интернетті қамтамасыз етеміз. Біз бұл бөлікті жасаймыз", - деді Мусин есеп беру кездесуінде.

Цифрлық даму министрінің айтуынша, сапалы интернет әрбір тұрғынға 4G қолдануға мүмкіндік береді, ал интернет жылдамдығы секундына 5 мегабитке жетеді.

Талшықты-оптикалық интернет - бүгінгі таңда желіде ақпарат тарататын ең жылдам технология.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети