12 желтоқсан 2016 | 18:24

Арал қаласының орталығында Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш қою ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арал қаласының орталығында Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш қою ұсынылды. Осылайша жергілікті тұрғындар Елбасыға Аралда айтарлықтай өзгерістер болып жатқаны үшін алғыс айтқысы келеді екен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ауданның қоғамдық кеңесінің төрағасы Алдаберген Жоланов мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

Арал қаласының орталығында Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш қою ұсынылды. Осылайша жергілікті тұрғындар Елбасыға Аралда айтарлықтай өзгерістер болып жатқаны үшін алғыс айтқысы келеді екен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ауданның қоғамдық кеңесінің төрағасы Алдаберген Жоланов мәлімдеді.

Жолановтың айтуынша, Арал ауданының тұрмыс-тіршілігі теңізбен байланысты, ал оның құрғап жатқаны белгілі. Президенттің арқасында бұл жерде бөгет салынып, ол теңізді екіге бөліпті. Құрғап жатқан бөлігі Өзбекстан территориясында екен де, суы бар бөлігі Қазақстанда екен. Енді Сырдариядан құятын су оны толтырып жатыр екен. Осылайша теңіздің бұл бөлігіне балықтың 23 түрі оралыпты.

"Балық аулау қайта жанданды. Балық аулаумен және өңдеумен айналысатын кәсіпкерлер қазіргі уақытта Ресей территориясында зауыттар салып жатыр. Жылдан жылға жұмыссыздық азайып келеді. Биыл Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу теміржол бағыты салынды. Барлық әлеуметтік нысан, мектептер, балабақшалар салынып жатыр. Үш ауысыммен оқитын мектептер жоқ. Барлығы екі ауысымда оқиды", - деді Арал аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы. 

Сондай-ақ, Жолановтың айтуынша, Елбасының арқасында аудан тұрғындары табиғи газды қолданып отыр және Сарабұлақ су құбыры арқылы келетін тұщы суға қол жеткізді. Барлық жұмыс тегін жасалыпты. Осыған дейін жергілікті тұрғындар суды Сырдариядан алып келіпті, оның өзі жете бермепті. 

"Алғыс айтамыз. Ауданның барлық тұрғыны ескерткіш қою туралы бастаманы ризашылықпен қолдап отыр. Олар өздері салып, Президенттің атын тарихта қалдырғысы келеді", - деді қоғамдық кеңестің төрағасы.

Ұсыныс бүгін қоғамдық кеңестің отырысында айтылды. Жолановтың айтуынша, енді Президенттің өзі бастамаға қатысты пікірін білдіруі керек.

Еске салайық, таяуда Талдықорғанда Тұңғыш Президент күніне арнайы Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш қойылған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети