08 ақпан 2020 | 13:11

Арандатушылар Алматыдағы барахолкада жанжал шығармақ болған - министр

Алматы барахолкасы

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Алматыдағы барахолканың жабылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Алматыдағы барахолканың жабылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздер түсінулеріңіз керек. Себебі, соның ішінде барахолка базарында қақтығыс жасауға үндеу жасалған. Осыған сәйкес сақтық шаралары күшейтілді", - дейді Дәурен Абаев. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, 8 ақпанда Алматыдағы барахолкада санитарлық күн жарияланғаны белгілі болды. 

"Байсат", "Барлық", "Ялян", "Рахат", "Барыс", "Алатау", "Болашақ", "Мизам", "Арлан", "Өжет", "Ақ-Бұлақ", "Кенжехан" базарлары санитарлық күн жарияланғандықтан жұмысын тоқтатты. 

Бұған дейін 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе және Масанчи ауылдарында полицейлерге шабуыл жасалып, жаппай төбелес шыққаны мәлім болған. 

Тоқаев Қордай ауданындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол оқиғаны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын мәлімдеген

Артынша Жамбыл облысының Масанчи ауылында қақтығысқа әлеуметтік желілердегі арандатушылар заңсыз әрекеттерді жасауға шақырып, нәтижесінде шамамен 300 адам, соның ішінде көрші ауылдардың тұрғындары қатысқаны белгілі болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная