08 ақпан 2020 12:49

Масанчидегі жаппай төбелеске 300 адам қатысқан. Оқиғаның хронологиясы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының Масанчи ауылында қақтығысқа әлеуметтік желілердегі арандатушылар заңсыз әрекеттерді жасауға шақырып, нәтижесінде шамамен 300 адам, соның ішінде көрші ауылдардың тұрғындары қатысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Жамбыл облысының Масанчи ауылында қақтығысқа әлеуметтік желілердегі арандатушылар заңсыз әрекеттерді жасауға шақырып, нәтижесінде шамамен 300 адам, соның ішінде көрші ауылдардың тұрғындары қатысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ОҚК брифингінде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Масанчи ауылындағы оқиға хронологиясын айтып берді. 

"7 ақпанда кешкі 19:00-де Жамбыл облысы Полиция департаментінің кезекші бөліміне Қордай ауданы Масанчи ауылының шетінде 70-ке жуық наразы тұрғын жиналды, олардың арасында бұзақылық ниетпен топтық ұрыс басталды. Оқиға орнына қордайлық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері келді. 

Арандатушылар мен оқиға куәгерлері болған жайтты видеоға түсіріп, мессенджерлер мен әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды заңсыз әрекеттерге шақырған. Бұл қақтығыстың шиеленісуіне және топтық ұрысқа қатысушылар санының көбеюіне әкелді. Нәтижесінде көрші елді мекендерден 300-ге жуық адам келді", - дейді Тұрғымбаев.

Министрдің айтуынша, Масанчи ауылында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қосымша полиция жасақтары жіберілді.

"Жанжалға қатысушылар полицияға белсенді қарсылық көрсетіп, олардың заңды талаптарын дөрекі түрде орындамаған. Бұзақылар металл заттарды, тастарды, атыс қаруларын қолданған. Кейінірек Ауқатты және Бұлан-Батыр ауылдары да қақтығыстарға ұшырады. Елді мекендер мен жолдарға кіретін периметрдің айналасындағы жолдарда бөгеттер қойылды, - дейді министр.

Айта кетейік, Жамбыл облысында болған оқиғада 8 адам қаза тапты. 

Еске салайық, бұған дейін 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе және Масанчи ауылдарында полицейлерге шабуыл жасалып, жаппай төбелес шыққаны мәлім болған. 

Тоқаев Қордай ауданындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол оқиғаны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын мәлімдеген

Кейін Президент Жамбыл облысындағы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасап, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы мәлімдеме жасаған

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети