Арба немесе велосипедті кіреберісте қалдыру. Бұған заң не дейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арба немесе велосипедті кіреберісте қалдыру. Бұған заң не дейді? Фото:depositphotos.com

Қазақстандықтар подъездерде арба, велосипед пен самокаттарын бұл әрекеттің қомақты айыппұлға әкеп соқтыруы мүмкін екенін ойламастан жиі қалдырып кетеді. Tengrinews.kz тұрғындарға не қауіп төнетінін және төтенше жағдай кезінде кімдердің миллиондап айыппұл төлеуі мүмкін екенін анықтады.


Қазақстандықтар подъездерде арба, велосипед пен самокаттарын бұл әрекеттің қомақты айыппұлға әкеп соқтыруы мүмкін екенін ойламастан жиі қалдырып кетеді. Tengrinews.kz тұрғындарға не қауіп төнетінін және төтенше жағдай кезінде кімдердің миллиондап айыппұл төлеуі мүмкін екенін анықтады.

Не болды?

Ал әлеуметтік желілерде Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде тұратын әйелдің жазбасы кең тарады. Ол көршілерінің велосипед пен самокаттарын подъезде қалдыру әдетіне алаңдаушылық білдірген.

"Балалар үнемі қоқыс тастап, подъезге кіреберіске велосипедтері мен самокаттарын тастап кетеді. Мен де, тағы бір көршім де подъезд чатына балалармен сөйлесуді сұрап талай жаздық. Көршілермен ұрысқым да, e-Otinish арқылы шағым түсіргім де келмейді. Бірақ шыдамның да шегі бар. ПИК өрт қауіпсіздігіне сәйкес подъезд, дәліз бен баспалдақ алаңы эвакуация жолдары екенін талай мәрте ескертті. Заң бойынша олар мүлдем бос тұруы тиіс. Не істеу керек?" – деп сұрақ қояды жазба авторы.

Адвокат не дейді?

Адвокат Абзал Қасымжанов "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға сәйкес подъездер, тамбурлар, баспалдақ торлары мен дәліздер кондоминиумның ортақ мүлкі екенін еске салды.

Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі ережелері эвакуация жолдарын бөгеуге тыйым салады. Подъездерде жиһаз, шкаф, велосипед, балалар арбасы мен өтуге кедергі келтіретін басқа да заттарды қалдыруға болмайды.

"Түтін немесе өрт кезінде қараңғыда қалдырылған самокат немесе арба эвакуацияланып жатқан тұрғындар үшін де, құтқарушылар үшін де ажал апанына айналуы мүмкін. Меншік иелерінің ортақ кондоминиум аумағындағы подъезде жеке заттарын "сақтауға құқығы" жоқ", – дейді Абзал Қасымжанов.

Бұл үшін кімдер жазалануы мүмкін?

Абзал Қасымжанов заттарға толған подъезд үшін тек арба мен велосипед иелері ғана жауап бермейтінін атап өтті.

Үйдегі тәртіп пен қауіпсіздікке МИБ (ОСИ) немесе басқарушы компания да жауапты. Егер ТЖД тексерісі дәліздердің бөгелуін тіркесе, ал МИБ тиісті шара қолданбаса, үйді дұрыс күтіп-ұстамағаны үшін айыппұл соларға салынуы мүмкін.

Тәртіп бұзушылармен заңды түрде күресу жолы: алгоритм

Адвокат тұрғындарға алдымен МИБ-ке немесе басқарушы компанияға жүгініп, өтінішті ресми түрде тіркеуге кеңес береді. МИБ төрағасы тәртіп бұзушыға заттарды ортақ кеңістіктен алып тастау туралы жазбаша талап жіберуі тиіс.

Егер көрші ескертуді елемесе, құзырлы органдарға жүгінуге болады.

"Егер тәртіп бұзушы мұндай талапты елемесе, полицияға жүгініп, хаттама толтыруы тиіс учаскелік инспекторды шақыру керек. Сондай-ақ e-Otinish платформасы арқылы аумақтық ТЖ департаментіне фото және видео айғақтарды қоса отырып, ресми өтініш жолдау қажет. Өрт инспекторлары тексеріс жүргізуге және нұсқама мен айыппұл жазуға құқылы", – деді Абзал Қасымжанов.

Подъездегі арба мен велосипед үшін не күтіп тұр?

Эвакуация жолдарын арбалармен, велосипедтермен немесе шкафтармен бөгегені үшін құзырлы органдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 410-бабын ("Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу") қолданады.

Егер заңбұзушылық бірінші рет тіркелсе, заң бойынша ескерту жасалады немесе айыппұл салынады:

  • Жеке тұлғаларға (тұрғындардың өздеріне) – 5 АЕК (21 625 теңге);
  • Лауазымды тұлғаларға, МИБ-ке немесе басқарушы компанияларға (коммерциялық емес ұйым ретінде) – 15 АЕК (64 875 теңге);
  • Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК (216 250 теңге);
  • Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК (648 750 теңге).

Егер заңбұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, жаза күшейтіледі. Бұл жағдайда айыппұл мөлшері келесідей болады:

  • Тұрғындарға – 10 АЕК (43 250 теңге);
  • МИБ немесе басқарушы компанияға – 20 АЕК (86 500 теңге);
  • Орта кәсіпкерлікке – 100 АЕК (432 500 теңге);
  • Ірі кәсіпкерлікке – 250 АЕК (1 081 250 теңге).

Мәселе тек айыппұлмен шектелмеуі мүмкін

Адвокат Абзал Қасымжанов подъезде зат қалдыратын иелердің көбіне ескере бермейтін салдарына назар аудартты. Оның айтуынша, айыппұл – мәселенің бір бөлігі ғана.

Егер қалдырылған заттардың кесірінен өрт кезінде адамдар зардап шексе немесе мүлікке зақым келсе, иесіне бұдан да ауыр жауапкершілік жүктелуі мүмкін.

"Көбінесе адамдар тек шағын әкімшілік айыппұлмен құтыламыз деп ойлайды. Алайда азаматтық-құқықтық салдарлар туралы ешкім бас қатырмайды. Егер подъезде өрт шығып, жолда қалған велосипед немесе шкафтың кесірінен адамдар уақытында шыға алмай жарақат алса немесе өртсөндірушілер тілсіз жауды жылдам ауыздықтай алмаса, сол заттардың иесі зиян келтіруші тұлға ретінде танылып, оған шығынды өтеу туралы талап қойылуы мүмкін", – деп ескертті адвокат.

Азаматтық процесс немесе тіпті қылмыстық іс аясында мұндай тұрғыннан көршілердің денсаулығына немесе мүлкіне келген залал үшін ірі көлемде ақшалай қаражат өндірілуі мүмкін.

ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нақты төтенше жағдайға әкеп соққан жағдайлар бөлек қарастырылады. Егер кіреберісте қалдырылған заттардың кесірінен өрт шығып, адам денсаулығына зиян келсе немесе айтарлықтай залал келтірілсе, келесі мөлшерде айыппұл салынады:

  • Тұрғындар үшін – 10 АЕК (43 250 теңге);
  • МИБ немесе басқарушы компания үшін – 20 АЕК (86 500 теңге);
  • Орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 200 АЕК (865 000 теңге);
  • Ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 300 АЕК (1 297 500 теңге).

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +29
Ақтау +33
Ақтөбе +28
Атырау +32
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +31
К
Көкшетау +28
Қ
Қостанай +34
Қызылорда +29
П
Павлодар +26
Петропавл +30
С
Семей +35
Т
Талдықорған +33
Тараз +32
Түркістан +27
О
Орал +29
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер