Арбатта жиналады. Алматы тұрғындары мопедшілерге шағымданды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арбатта жиналады. Алматы тұрғындары мопедшілерге шағымданды Фото:elements.envato.com

Алматыда полицейлер Арбат бойындағы үйлердің тұрғындары шулы мопедшілер туралы шағым түсіргеннен кейін бақылауды күшейтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полицейлер Арбат бойындағы үйлердің тұрғындары шулы мопедшілер туралы шағым түсіргеннен кейін бақылауды күшейтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Біраз уақыттан бері жаяу жүргіншілер аймағы азаматтардың сүйікті демалыс орны ғана емес, мопед жүргізушілерінің де бас қосатын орнына айналған.

"Жиын өткен сайын қоғамдық тәртіппен азаматтардың тыныштығын бұзу көрініс табады. Бұл факторлар жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырып жатыр. Көрсетілген аумақта жаяу патрульдік, ал іргелес аумақта автокөлік патрульдік қызметі күшейтілді. Мысалы, өткен түнде ғана полицияға Арбатта тыныштықты бұзғаны туралы бес дабыл келіп түсті. 18 мопед жүргізушісі шара қолдану үшін полицияға жеткізілді. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша жауапқа тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша 5 күн ішінде тәртіп бұзған 63 мопед жүргізушісі Арбаттан Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді", - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің жедел басқару орталығы басқармасы бастығының орынбасары Данияр Тасубаев.

Былтырдан бері жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 4748 мопед жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети