Әрбір қазақстандық ауқатты болуы үшін қолдан келгенді жасаймыз - Мәсімов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әрбір қазақстандық ауқатты болуы үшін қолдан келгенді жасаймыз - Мәсімов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов кәсіпорындардың дағдарыс әсер етуі мүмкін мыңдаған жұмысшысына қатысты мәселеге пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов кәсіпорындардың дағдарыс әсер етуі мүмкін мыңдаған жұмысшысына қатысты мәселеге пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәсімов соңғы 15 жылда әлем экономикасының даму драйверінің Қытай болғанын, оның шикізат ресурсының негізгі тұтынушысы болғанын айтты. Оның айтуынша, осының есебінен Қазақстанда мұнай мен кен өнеркәсібі дамыды, оның есебінен мемлекеттік бюджетке қыруар табыс түсті. 

"Мен мұндай жағдайда негізгі мәселер деп мыналарды ойлап едім. Біріншісі: мемлекет бұл кәсіпорындар үшін бәсекеге қабілетті макроэкономикалық жағдайды қамтамасыз етуі тиіс. Олардың бірі жаңа ақша саясаты - құны әрқандай болатын бағам. (...) Мемлекет жаңа нарықты ашуға және бәсекелестікті дамытуға көмектесуі керек. Кәсіпорындар көп еңбек етуі керек, олар еңбек өнімін арттыруы тиіс. Кәсіпорындар өз еңбек өнімін арттыру бойынша жұмыстар атқаруы тиіс", - деді Мәсімов.

"Біз әлеуметтің әлжуаз топтарына қолдау көрсетеміз. Ұзақ мерзімді перспективада жаңа экономикалық саясатта кәсіпорындар өз бәсекелестігі мәселесін өзі шешуі тиіс. Барлығын мемлекет бюджетінен қамтамасыз ету мүмкін емес. Қазір әлемде дағдарыс болып жатыр, барлық жерде. Жаңа білімді қажет ететін экономиканың жаңа секторларында дағдарыс жоқ. Экономикалық саясатымыздың бағыттарының бірі - қазақстандықтардың машығын шыңдау. Әрбір қазақстандық ауқатты болуы үшін қолдан келгенді жасаймыз", - деді премьер-министр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети