Әрбір 20-сыншы қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды - Цой

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әрбір 20-сыншы қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды - Цой Фото: elements.envato.com

Қазақстанда әрбір 20-сыншы адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда әрбір 20-сыншы адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде вакцинаның жеткізілуі бойынша Қазақстанның әрбір аймағы бойынша нақты кесте бар. Жақында Батыс Қазақстан облысына жеткізілді және әрбір екі күн сайын жаңа партия түседі. Сондықтан вакцина жетіспеуі болмайды. Бастысы - азаматтар вакцина қауіпсіз, тиімді екенін түсінді, олар антидене көбейгенін байқап, өздері де туыстарына вакцина салдыруды ұсынып жүр.  

Жалпы түсінік үшін, әрбір 20-шы қазақстандық вакцина салдырған. Қарқын жақсы жүріп жатыр және біздің міндетіміз - мүмкіндік беру, содан кейін азаматтар таңдауды өздері жасайды, бұл оқшаулаудан шығуға жалғыз жол екенін түсінеді", - деді Алексей Цой. 

Еске салайық, бүгін министрдің өзі де тікелей эфирде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған болатын. Тікелей эфир Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook желісіндегі парақшасында жүргізілді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети