Парламент Мәжілісінің депутаттары өрт сөндірушілердің жалақысын көтеруді сұрауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Парламент Мәжілісінің депутаттары өрт сөндірушілердің жалақысын көтеруді сұрауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Парламентарий Дания Еспаеваның айтуынша, қазіргі уақытта өрт сөндірушілер 65 мың - 118 мың теңге аралығында жалақы алады екен.
"Әрбір төртінші аттестациядан өткен қызметкердің баспанасы жоқ. Мұндай жалақымен "7-20-25" ипотекалық бағдарламасына қатысудың өзі қиындық тудырады. Мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметіне берілетін жалғыз өтемақы - тұрғын үй коммуналдық қызметінің өтемақысы - 2739 теңге. Осының салдарынан кадр жетіспеушілігі байқалады. Өрт сөндіруші маманның жұмысындағы қауіпті ескеру керек. Соңғы бес жылда алты өрт сөндіруші қайтыс болып, 78 адам зардап шеккен", - деді депутат қаржы министріне.
Дания Еспаева әскери қызметкерлердің жалақысын көтеріп, жеңілдіктер тағайындау сияқты азаматтық қорғау саласында жүргендер үшін істеліне ме деп сұрады.
Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев өз жауабында республикалық бюджеттен ІІМ-ге 2018-2020 жылдары аралығында жыл сайын 30 миллиард теңге қызметкерлердің жалақысы өсуіне бөлінгенін мәлімдеді. Оның 4,3 миллиард теңгесі ТЖК мамандарына бөлінген.
"Қомақты қаражат бөлу керектігін түсінеміз, алайда бюджет мүмкіндігіне сай қарастырамыз", - Руслан Бекетаев.
"Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко ІІМ министрі Қалмұханбет Қасымовтан осы мәселені қайта қарап шығуын өтінді. "Меніңше, 4,3 миллиард теңге жүректі жылытады, Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы. 30 миллиард, осы алаңдаушылықтар жай сөз болып қалмаeы үшін, сіз жақсылап қарап шығады деген ойдамын", - деді Божко.
Журналистердің сұрағына жауап берген Қасымов азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің жалақысы кемінде 10 пайызға өсетінін айтты.