“Әрбір заңбұзушылыққа реакция болады“ - Полиция блогер Daricorn-ның видеосы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Танымал блогер Дариға Нұркеева (Daricorn) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал блогер Дариға Нұркеева (Daricorn) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, интернет-кеңістігін талдау барысында, белгілі блогер-қыздың жол қозғалысы ережесін демонстративті және өрескел бұзғаны – сигнал бермей, кенеттен қозғалыс жолағын ауыстырып, апаттық жағдай тудырған видео анықталған.

"Тергеу қорытындысы бойынша құқық бұзушы ҚР ӘҚбК-нің 595-бабы 1-бөлігі (сигнал беру талаптарын орындамау) және ҚР ӘҚбК-нің 606-бабы 1-бөлігі (апаттық жағдай туғызу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, мұндай әрекеттер жай ғана жауапсыздық емес, ол басқалардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру. Мұның бәрі интернеттегі лайк пен қаралым үшін жасалады.

"Танымалдылық деңгейі, жазылушылардың саны жауапкершіліктен босатпайды. Заң - бәріне бірдей. Жазаның бұлтартпау принципі бәріне қолданылады.

Алматы полициясы ескертеді: заңбұзушылық бар әрбір бейнеден кейін - реакция болады. "Бәріне рұқсат" тақырыбында хайп жасау әрекеттері қатаң құқықтық бағаға ие болады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети