Ардагерлерге берілетін төлемдердің мөлшері жергілікті бюджетке байланысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ардагерлерге берілетін төлемдердің мөлшері жергілікті бюджетке байланысты ©Тұрар Қазанғапов

9 мамырға орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне берілетін біржолғы төлемдердің көлемі жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай белгіленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

9 мамырға орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне берілетін біржолғы төлемдердің көлемі жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай белгіленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға сілтеме жасап.

"Аймақтар арасында бюджеттің мүмкіндігіне қарай тікелей облыс әкімдері қарастыратын мәселелер бар", - деді Дүйсенова Tengrinews.kz тілшісінің "соғыс ардагерлеріне арналған төлемдер не себепті әр аймақта әртүрлі көлемде?" деген сұрағына.

Министрдің айтуынша, келесі жылы төлем төлеу жүйесінде өзгеріс болады. "Бүгінде біз жоба әзірледік, оған сай, мысалы, Алматы бәріне бірдей, Шығыс Қазақстан облысы бәріне бірдей көлемде төлем жасайтын болады", - дейді Дүйсенова.

Еске сала кетейік, 2012 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде мерекелер мен айтулы күндерде азаматтардың жекелеген санатына берілетін әлеуметтік көмек мөлшерінің теңестірілетінін мәлімдеген болатын. Ол кезде министрліктің басшысы Серік Әбденов болды. Биыл Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге төленетін біржолғы көмектің мөлшері әр аймақта әртүрлі болды, Астанада соғыс ардагерлері 150 мың теңге алса, Қызылордада - 140 мың, Қостанай облысында - 46 300 теңге.

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети