Археолог Карл Байпақов қайтыс болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Академик Карл Байпақов. Академик Карл Байпақов.

Қазақстандық ғалым, археолог Карл Байпақов 78 жасында қайтыс болды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық ғалым, археолог Карл Байпақов 78 жасында қайтыс болды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Белгілі ғалым, археолог, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстанның ғылым және техника саласында еңбек сіңірген қайраткері Карл Байпақов Молдахметұлының қайтыс болғанын зор күйзеліспен хабарлаймын", - деп жазды министр Facebook желісіндегі парақшасында.

Ашық дереккөздердегі мәліметтерге қарағанда, 17 қарашада Байпақов 78 жасқа толған.

"Оның бүкіл өмірі - халыққа еңбек етудің үлгісі. Карл Молдахметұлы біздің тарихымыз, археология және мәдениет жайлы білімімізді арттырды. Таяуда ғана археологиялық орталықтарды зерттеу бойынша үлкен жоспарлар құрып едік. Бірақ, амал не, ол жоспарларымыз орындалмайтын болды", - деді Мұхамедиұлы.

Министр ғалымның барлық туысы мен жақынына көңіл айтты.

Карл Молдахметұлы Байпақов 1940 жылы Алматы облысы Талғар қаласында дүниеге келген. Тарих ғылымдарының докторы , профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003) және ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1998). Ленинград (1964, қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетін бітірген.

Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археологиялық және этнологиялық институтында кіші аға ғылым қызметкер, бөлім меңгерушісі, археологиялық ортаның жетекшісі, институт директорының орынбасары  қызметтерін атқарды. 1991 жылдан Археологияқ институтының директоры қызметінде болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro