Әріптестерім болмаса, алдарыңызда тұрмас та едім - Бозымбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әріптестерім болмаса, алдарыңызда тұрмас та едім - Бозымбаев © Тұрар Қазанғапов

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев өз ведомствосындағы әріптестерінің жұмысына баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев өз ведомствосындағы әріптестерінің жұмысына баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министрлік басшысы жұмысындағы басты мәселе қиындықтарға қарамастан нәтижеге қол жеткізіп, күнделікті басқару шешімдерін қабылдау екенін айтты. 

"Иә, кейде қате шешімдер болып жатады, бірақ біз басшылық берген тапсырманы бұлжытпай орындауымыз қажет. Біз өзімізге жүктелген стратегиялық жоспарды 100 пайызға орындадық, себебі жақсы жоспар құрдық. Кәсіпқой мамандардың жұмыс істегені дұрыс. Энергетика министрлігінде, менің бақытыма орай, тамаша кәсіпқой мамандар жиналған. Олар осындай нәтижеге қол жеткізуге барын салды. Осы ұжым болмаса, мен сіздердің алдарыңызда тұрып, басшылықтың тапсырмасын орындай алмас едім", - деді Қанат Бозымбаев. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети