"Әрқайсыңды мақтан тұтамын" - Президент Назарбаев Университетінің түлектеріне

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Әрқайсыңды мақтан тұтамын" - Президент Назарбаев Университетінің түлектеріне © Tengrinews.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Назарбаев Университетінің түлектерін құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Назарбаев Университетінің түлектерін құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті түлектер мен достар, мен сендермен кездескен сайын қуанамын. Біздің еліміздің болашағы сендерге байланысты, сондықтан мемлекет сендердің тегін білім алуларың үшін қомақты қаражат жұмсап жатыр, өзге шетелдік ЖОО-ларда мұндай жағдайлар жасалмайды. Керісінше, біз оларға төлейміз. Біз ол мемлекет үшін керек деген сеніммен жасаймыз, яғни, сендер елге білім алып оралады деген сеніммен", - деді Президент түлектерге.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев болашақта еліміздегі ЖОО-лардың барлығы Назарьбаев Университетінің білім беру моделіне өтуі керектігін айтып өтті.

"Сенлдерді әлі үлкен өмірлік белестер күтіп тұр. Жеңіске жетесіңдер, кейде жеңілесіңдер де, ал кейде адамдарға сеніп, кейде олардан көңілдерін де қалады. Бұл өмір. Осының барлығы менің басымнан өткендіктен сендердің өздеріңе деген сенімдерің шабыт пен күш береді. Мен сендердің әрқайсыңды мақтан тұтамын", - деді Президент.

Мұнымен қоса, Президент биыл жазды 140 мың студенттің Қазақстандық ЖОО-ның дипломын алатынын айтты. "Қазір еліміздің басқа университеттерінде де түлектер оқу бітіріп жатыр, оларды осындай қуанышты күнмен құттықмаймын", - деді Назарбаев.

Назарбаев Университетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 811 студент оқу бітіріп жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети