Арман Шаққалиев ЕЭК бәсекелестік және антимонополияны реттеу министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арман Шаққалиев ЕЭК бәсекелестік және антимонополияны реттеу министрі болып тағайындалды Фото: primeminister.kz

Арман Шаққалиев Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және антимонополияны реттеу министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арман Шаққалиев Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және антимонополияны реттеу министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол қыркүйекте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалған Серік Жұманғариннің орнына келді.

Арман Шаққалиев бұған дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы лауазымынан босатылған еді.

Арман Шаққалиев 1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Еңбек жолын Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі" ААҚ заң кеңесшісі болып бастаған. Техникалық реттеу жүйесінде 2004 жылдан бастап "Қазақстан метрология институты" РМК директоры ретінде жұмыс істей бастаған.

2008 жылғы маусымнан бастап 2016 жылы сәуірге дейін "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымын атқарған. 2016 жылы сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры лауазымына тағайындалды. 

2018 жылы шілдеде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 

2019 жылы тамыздан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып қызмет етті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети