Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрлігіндегі комитет төрағасы қызметінен босатылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pm.kz © pm.kz

Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

"ҚР сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Арман Абайұлы Шаққалиев басқа жұмысқа орналасуына байланысты ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Арман Шаққалиев 1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Еңбек жолын Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі" ААҚ заң кеңесшісі болып бастаған. Техникалық реттеу жүйесінде 2004 жылдан бастап "Қазақстан метрология институты" РМК директоры ретінде жұмыс істей бастаған.

2008 жылғы маусымнан бастап 2016 жылғы сәуірге дейін "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымын атқарған. 2016 жылғы сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры лауазымына тағайындалды. 

2018 жылғы шілдеде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 

2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып қызмет етті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro