04 қараша 2019 | 16:19

Арманбек Баймурзин Ақмола облысы полиция департаментінің басшысы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақмола облыстық полиция департаменті басшысын тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Көкшетауда ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақмола облыстық полиция департаменті басшысын тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президент әкімшілігінің және облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың келісімемен Ақмола облыстық полиция департаменті басшысы қызметіне полиция генерал-майоры Баймурзин Арманбек Хакімбекұлын тағайындады.

Полиция Генерал-майоры Берік Біләлов қызметінен босатылды және ІІМ орталық аппаратында жұмысын жалғастырады.

Арманбек Баймурзин 1974 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1992 жылдан бастап жұмыс істейді. Әр жылдары ІІМ Криминалдық полиция комитетінде, Жамбыл облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. 2014 жылдың қараша айынан бастап ІІМ Криминалдық полиция департаментін басқарды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев полицияның алдына нақты міндеттер қойды. Оның айтуынша, полиция қызметі ел азаматтарының мүддесі мен қауіпсіздігіне тікелей байланысты. Бүгінде ішкі істер органдарының жұмысы бүкіл қоғамның жіті назарында", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети