Арманы Байқоңырды көру - Ғарышқа екі рет ұшқан астронавт әйел елімізде

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арманы Байқоңырды көру - Ғарышқа екі рет ұшқан астронавт әйел елімізде

Екі мәрте ғарышта болған батыр әйел Мэри Эллен Уебер елордаға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі мәрте ғарышта болған батыр әйел Мэри Эллен Уебер елордаға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Журналистермен өткен кездесу барысында ғарышкер әйел қызықты әрі қауіпті қызметі жайлы айтып берді. Ол алғаш рет 1995 жылы байланыс серігін орнату үшін Дисковери кемесімен ұшқан екен, бес жылдан кейін халықаралық ғарыш айлағының ашылуына қатысты.

"Бөгде планетаға аттану үлкен жауапкершілік жүктейді. Біріншіден бұл қауіпті, соған қарамастан еш қателік жібермеуге міндетті едім. Себебі экипаждың амандығы маған байланысты болды", - дейді ол. Мэри Элленнің астронавт болуына анасы себепкер. Он жыл бойы НАСА-ның ғарышкері болған бірегей жанның ендігі арманы Байқоңыр ғарыш айлағын көзімен көру.

"Мен алғашқы сапарымды ұмытпаймын. Ғарышқа жету үшін бар-жоғы 8,5 минут керек. Қозғалтқыш өшкенде кабина іші бос кеңістікке айналады. Ішіндегі адам еркін ұшып жүреді ғой. Сол сәтте мен қауіпсіздік белдігін шешіп, терезеге беттедім. Себебі сырттағы көріністі суретке түсіруім керек болды. Ғарыштан жерді көру - ерекше сезім. Оны сөзбен суреттей алмаспын", - дейді Мэри Эллен Уебер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети