10 қазан 2016 | 14:14

Армения ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© expo2017astana.com © expo2017astana.com

Армения ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Expo 2017 сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Армения ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Expo 2017 сайтына сілтеме жасап.

Бүгін таңертең Астанада "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Армения Республикасының Экономикалық даму және инвестиция министрі Сурен Караянмен кездесті. Басқосу барысында екі жақ Арменияның "Астана ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысу мүмкіндігі қарастырылды.

"ТМД барлық елдері халықаралық көрмеге қатысатындығын ресми растады. Сондықтан олардың қатарында Арменияны да көргіміз келеді", - деді Ахметжан Есімов.

Бүгінгі таңда халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын 104 мемлекет растады, 98 мемлекеттің комиссары тағайындалды, 82 мемлекет қатысу келісімшартына қол қойды.

Өз кезегінде, Сурен Караян мемлекет Үкіметі жақын арада нақты шешім қабылдайтындығын айтты.

Айта кету керек, түстен кейін Сурен Караян "Астана ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысатындығын растады. Демек, халықаралық көрмеде ТМД барлық елдері қатысатын болады.

Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі.

Осыған дейін Арменияға ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ұсыныс білдірілген болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети