Армения президенті Тоқаевтың Ереванға сапары тарихи маңызға ие екенін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Арменияға алғашқы ресми сапарына ерекше мән беретінін атап өтті.

"Армения Қазақстан үшін маңызды, өте мағыналы серіктес болып табылады. Ежелгі өркениет бастау алған тарихы мен мәдениеті бай армян халқының жеріне ыстық ықыласпен, ерекше сезіммен келіп отырмын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Премьер-министр Никол Пашинянмен жүргізген келіссөздер барысында күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты әрі нәтижелі талқыланған.

"Қазақ-армян қатынастарын жан-жақты нығайтуға қатысты өзара ұмтылысымызды растадық. Бұл бүгінгі келіссөздердің – басты нәтижесі. Біз маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Қазақстан мен Арменияның көпжақты өзара ықпалдастығын одан әрі нығайту жоспарын нақтыладық. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді қарастырдық", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян қазақ-армян ынтымақтастығына қатысты бірқатар өзекті мәселені талқылап, саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ықпалдастыққа баса назар аударды.

Армения Президенті Мемлекет басшысының Ереванға сапары тарихи маңызға ие екенін атап өтіп, келіссөздердің қорытындысы екі ел арасындағы байланыстарды нығайту үшін берік іргетас қалыптастыратынын, мемлекетаралық қатынастарды жаңа деңгейге көтеретінін жеткізді.

"Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Армения арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін. Бізді ортақ тарих пен қазіргі қарым-қатынастар байланыстырады. Қазіргідей күрделі кезеңде өзара ынтымақтастықты дамытып жатырмыз. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан барлық бағытта табысқа қол жеткізіп отырғанына куәміз. Мен Сізге және барша қазақ халқына жаңа жетістік тілеймін", – деді Ваагн Хачатурян.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro