Армениядан Қазақстанға қауіпті қылмыскер жеткізілді: ол өмір бойына сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Қазақстан азаматы Армениядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан азаматы Армениядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратура мен ІІМ қызметкерлері Армения Республикасындағы елшілік көмегімен бұрын бірнеше рет сотталған Қазақстан азаматын адам өлтіруге оқталу дерегі үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ереваннан экстрадициялады.

"2024 жылдың қыркүйегінде Петропавлда күдікті мас күйінде бұзақылық ниетпен жәбірленушінің өмірлік маңызды органдарына пышақпен бірнеше рет жарақат салған. Ол шұғыл медициналық көмектің арқасында аман қалды", - делінген хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін шабуылдаушы қылмыстық қудалау органдарынан қашып кеткен, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған.

"Былтыр қазанда ол Армения аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланған. Қазір күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды".

Қылмыс бойынша мүлкін тәркілеу арқылы он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети