Арнайы ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арнайы ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді? Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты 16 желтоқсанда, дүйсенбі күні ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты 16 желтоқсанда, дүйсенбі күні ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азаматтарға арналған үкімет" мәліметінше, 14 желтоқсанда, сенбі күні кезекші орталықтар 09:00-ден 13:00-ге дейін ашық болады.

17 желтоқсанда, сейсенбі күні ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қалыпты режимде жұмысын қайта бастайды. Мемлекеттік корпорацияның еске салуынша, орталықтар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Кезекші ХҚКО жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 13:00-де жабылады.

Мамандандырылған кезекші ХҚКО азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 18:00-ге дейін қабылдайды, ал дайын құжаттарды беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Сенбі күні жұмыс 13:00-де аяқталады.

Жаңажылдық мерекелік демалыс күндері мамандандырылған ХҚКО-лардың қалай жұмыс істейтіні әзірге белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети