"Арнайы органдарда деректер бар". Тоқаев премьер-министрге салық төлеуден жалтарғандармен күресуді тапсырды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Арнайы органдарда деректер бар". Тоқаев премьер-министрге салық төлеуден жалтарғандармен күресуді тапсырды Фото:elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда бизнес өкілдерімен кездесуде табысты бизнес-алыптардың салықтан жалтарғанын көрсететін арнайы органдардың мәліметтері бар екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда бизнес өкілдерімен кездесуде табысты бизнес-алыптардың салықтан жалтарғанын көрсететін арнайы органдардың мәліметтері бар екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы барлық жеңілдік барынша деңгейлес болуы керек екенін және қарсы міндеттемелер - барлық салықты толық төлеу, экспортқа шығу, сапалы жұмыс орындарын құру және т.б. үшін ғана берілуін тапсырды.

"Ірі компаниялардың салық төлеуі, өздеріңіз білетіндей, бітпейтін жыр. Бізде арнайы органдардың деректері бар. Олар табысы жоғары алпауыттардың түрлі сылтаулармен салықты толық төлеуден жалтарғанын көрсетеді. Премьер-министрге тапсырма беремін. Осы мәселемен айналысып, қазынаны соған байланысты қаражатпен қамтамасыз ету керек. Әйтпесе, қатаң шаралар қолданылады. Балалар айтатындай, кім жасырынбады, мен кінәлі емеспін", - деп ескертті Мемлекет басшысы.

Тоқаев экономиканы деолигополизациялау жөніндегі қатаң саясат туралы жариялады. Оның айтуынша, кәсіпкерлердің жаңа буыны қалыптасады, барлық тапсырыс бір компанияға тиесілі болмайды.
 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети