20 қазан 2021 15:40

Арон Атабек жансақтау бөлімінде жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: bureau.kz

Ақын Арон Атабек жансақтау бөлімінде жатыр. Ақпаратты оның әпкесі Разия Нутушева растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақын Арон Атабек жансақтау бөлімінде жатыр. Ақпаратты оның әпкесі Разия Нутушева растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Арон Атабек қазір Алматыдағы жеке клиникалардың бірінде жатыр.

"Иә, ол шынымен, ауруханаға жатқызылды. Қай аурухана екенін айта алмаймыз, ол жеке клиникада. Жағдайы онша емес, өйткені жансақтау бөлімінде жатыр", - деді Атабектің әпкесі.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 1 қазанда Павлодар қаласы №2 сотында Арон Атабекке қатысты оның науқастануына байланысты бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаның түріне ауыстыру туралы ұсынысы қаралып, ол бостандыққа шыққан болатын. Бірақ үйіне шыққаннан кейін оның денсаулығы нашарлап кеткен.

2007 жылы Арон Атабек Алматыдағы Шаңырақ ықшамауданындағы оқиғадан кейін 18 жылға сотталған болатын. 14 жыл бұрын болған оқиға кезінде жергілікті тұрғындар мен полицейлер қақтығысып, салдарынан 28 полицей зардап шегіп, біреуі қайтыс болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram