Айықпас ауруға шалдыққан Арон Атабектің жазасы жеңілдеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

1 қазанда Павлодар қаласы №2 сотында Арон Атабекке қатысты оның науқастануына байланысты бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаның түріне ауыстыру туралы ұсынысы қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық сотына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

1 қазанда Павлодар қаласы №2 сотында Арон Атабекке қатысты оның науқастануына байланысты бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаның түріне ауыстыру туралы ұсынысы қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық сотына сілтеме жасап. 

Жалғасы

Сотталушы "Омыртқаның мойын бөлігі омыртқааралық дискісінің миелопатиясымен зақымдалуы, жұлынның мойын бөлімі деңгейіндегі дегенеративті - демиелинизирлеуші ауруы" және тағы басқа емделмейтін аурумен ауыратыны анықталған. 

Аурудың бұл түрі ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы №530 бұйрығымен бекітілген науқастануына байланысты жазасын өтеуден босатудың негізі болып табылатын сотталғандардың аурулар тізбесіне кіреді.

Сот шешімі бойынша, Заң талаптарына сәйкес, (ҚК-тің 75 бабының 2 бөлігі), өмір бойына бас бостандығынан айырудан басқа, жазаны өтеуге кедергi жасайтын ауыр науқастан зардап шегуші адамды сот жазаны өтеуден босатады немесе науқасының сипаты, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы, сотталған адамның жеке басы және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып, жаза неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.

Заңда баяндалған мән-жайлар мен процеске қатысушылардың пікірін ескеріп, сотталған тұлғаға бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуіне ауыстырылды.

Сот шешімімен келіспеген жағдайда сотталған тұлға және процестің басқа қатысушылары апелляциялық сот сатысына шағым түсіруіне құқығы бар.

Еске салайық, 2007 жылы Арон Атабек Алматыдағы Шаңырақ ықшамауданындағы оқиғадан кейін 18 жылға сотталған болатын. 14 жыл бұрын болған оқиға кезінде жергілікті тұрғындар мен полицейлер қақтығысып, салдарынан 28 полицей зардап шегіп, біреуі қайтыс болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer