“Арселор Миттал Теміртау“ кәсіпорнының мыңдаған жұмысшысы қысқартуға ұшырайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Арселор Миттал Теміртау“ кәсіпорнының мыңдаған жұмысшысы қысқартуға ұшырайды Фото nv.kz

"Арселор Миттал Теміртау" компаниясының жұмысшылары қысқартуға ұшырамақ. Алпауыт зауыт басшылығы биылғы жылы шамамен бір мың еңбеккерді қысқартуды жоспарлап отыр. Олардың 500-і аутсорсинг әдісімен жұмыстан кетсе, қалған 486 еңбеккер өз еркімен жұмыстан босатылады. Бұл туралы "Арселор Миттал Теміртаудың" еңбек ресурстары жөніндегі директоры Дмитрий Павлов мәлімдеді, деп хабарлайды "Астана" телеканалы.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде 250 адам өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазып қойған. Ал жыл басынан 150 жұмысшы жұмыстан шығарылған. Айта кетейік, соңғы жылы "Арселор Миттал" компаниясы Бельгия мен Францияда бірнеше зауыттарын жабуға мәжбүр болған.

Еске сала кетейік, осы жылдың ақпан айында көктемнен бастап 2014 жылдың аяғына дейін "Арселор Миттал Теміртау" кәсіпорны металлургиялық комбинаттың 2500 жұмысшысын жұмыстан босатады деген ақпарат таратылған болатын. Алайда кейін бұл ақпарат жоққа шығарылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети