"АрселорМиттал Теміртау" жұмысшыларын қысқартпайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"АрселорМиттал Теміртау" жұмысшыларын қысқартпайды "АрселорМиттал Теміртау" жұмысшылары. Фото nv.kz

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы жұмысшыларды жаппай қысқартуды жоспарлап отырған жоқ, - деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан" агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бейсенбі күні аймақ әкімі Бауыржан Әбдішев "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жетекшісі Виджай Махадеванмен кездесіп, қысқартуды мүмкіндігінше азайтуды сұраған болатын. Сондай-ақ, осы кездесуде компания жетекшісі әлеуметтік шиеленісті болдырмауға сөз берген еді. Бүгін компания басшылығы жұмысшыларының орнын барынша сақтап қалу туралы шешім шығарды. Осыған байланысты "2500 жұмысшы қысқарады" деген ақпарат маңызын жоғалтты. "АрселорМиттал Теміртау" халықаралық "ArcelorMittal" құрыш құю өндірісінің концерні және Қазақстандағы тау-кен металл өнімдерінің ең ірі өндірушісі. Бұл компанияға Теміртау меткомбинаты, Қарағанды облысындағы 8 көмір шахтасы, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарындағы руда және темір рудаларының кеніштері қарайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети