"АрселорМиттал Теміртау" жұмысшыларының еңбекақысы өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"АрселорМиттал Теміртау" жұмысшыларының еңбекақысы өсті Иллюстрациялық сурет © Тұрар Қазанғапов

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ еңбекақының өзгертілгені туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ еңбекақының өзгертілгені туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап "АрселорМиттал Теміртау" АҚ және "Өркен" ЖШС-ның 2017 жылдың 31 желтоқсанындағы тізіміне енген жұмысшылардың жалақысы өсетіні хабарланып отыр. 

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің жерасты топтарына және "Өркен" ЖШС темір кендерінде қызмет ететін жұмысшыларының жалақысы 30 пайызға көтеріледі", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, "Өркен" ЖШС көмір департаментінің жерүсті жұмысшыларына, болат департаменті және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ болат департаментінің барлық қосалқы қызметі жұмысшыларының еңбекақысы грейд жүйесімен 30 пайызға өсетіні хабарланды. 

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің жерүсті жұмысшыларға жалақыны өсіру мәселесі 2018 жылдың 26 қаңтарында қарастырылып, шешім қабылданады екен.

Еске салайық, 11 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" шахтерлері ауысымнан кейін жоғары қарай шықпай қойған. Наразылық танытып жатқандардың туыстары әлеуметтік желілерде жариялаған мәліметтер бойынша, шахтерлер жалақыны өсіруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети