"АрселорМиттал Теміртау" АҚ еңбекақының өзгертілгені туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ еңбекақының өзгертілгені туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап "АрселорМиттал Теміртау" АҚ және "Өркен" ЖШС-ның 2017 жылдың 31 желтоқсанындағы тізіміне енген жұмысшылардың жалақысы өсетіні хабарланып отыр.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің жерасты топтарына және "Өркен" ЖШС темір кендерінде қызмет ететін жұмысшыларының жалақысы 30 пайызға көтеріледі", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, "Өркен" ЖШС көмір департаментінің жерүсті жұмысшыларына, болат департаменті және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ болат департаментінің барлық қосалқы қызметі жұмысшыларының еңбекақысы грейд жүйесімен 30 пайызға өсетіні хабарланды.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің жерүсті жұмысшыларға жалақыны өсіру мәселесі 2018 жылдың 26 қаңтарында қарастырылып, шешім қабылданады екен.
Еске салайық, 11 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" шахтерлері ауысымнан кейін жоғары қарай шықпай қойған. Наразылық танытып жатқандардың туыстары әлеуметтік желілерде жариялаған мәліметтер бойынша, шахтерлер жалақыны өсіруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен еді.