"АрселорМиттал Теміртау" компаниясынан жұмыстан шығарылған қазақстандықтардың Ресейге баруға қызығушылығы артуда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Раудың сөздеріне сілтеме жасай отырып.

"Олар ("АрселорМиттал Теміртау" компаниясы) біздің адамдарымызды түрлі желеулер айту арқылы қысқартуда. Оларда өтемақы беруге келгенде әр қилы бағдарламалар бар. Осыдан келіп біздің қазақтардың Ресейге барып жұмыс істеуге қызығушылығы артуда" - деді Альберт Рау Мәжіліс отырысында.
"Ресейде ауқымды көлемде білікті жұмыс күшінің жетіспеушілігі бар. Оларға көлемді жалақы ұсынуда. Тау-кен саласы бойынша маман жетіспеушілігі бізде де бар. Біз мұны көріп-біліп отырмыз" - дейді Рау.
Биылғы жылдың мамыр айында "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының 1000-ға жуық жұмысшыны қысқартуды жоспарлап отырғанын БАҚ өкілдері жазған. Осыған байланысты 500 жұмысшы өз еріктерімен жұмыстан кететін болған.