“АрселорМиттал Теміртау“ шахтасындағы кеншілердің өліміне төрт адам кінәлі деп танылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“АрселорМиттал Теміртау“ шахтасындағы кеншілердің өліміне төрт адам кінәлі деп танылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қарағанды облысында "Қазақстан" шахтасында бес кеншінің қаза болуына байланысты іс бойынша үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында "Қазақстан" шахтасында бес кеншінің қаза болуына байланысты іс бойынша үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық іс Шахтинск сотында қаралды. Сотталушылар орнында "Қазақстан" шахтасының төрт қызметкері, соның ішінде уақытша өндіріс жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарған қызметкер мен конвейерлік көлік учаскесінің бастығы болды. Оларға "Екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкелген тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" (ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі) бойынша айып тағылды. Сотта сотталушылар кеніште өртке әкелген бірқатар заңбұзушылықтарға жол бергені анықталды.

"2-бис позициясының горизонты -170 Д6 көмір конвейерінің еңісіне төлқұжат болмаған жағдайда, металл арка бекітпесінің қимасы мен тұтастығын бұза отырып, көрінетін деформациялары болған кезде, жұмыстарды тоқтату бойынша шаралар қабылданбады, орташа тұтанғыш конвейер таспасын пайдалануға рұқсат етілді және ұзақ уақыт бойы материалдан тазартуға (бөлшектеуге) және тозған айналмалы және істен шыққан роликтерді ауыстыруға жөндеу ауысымына наряд берілмеді. Жол берілген заңбұзушылықтардың салдарынан 2023 жылғы 17 тамызда жөндеу ауысымында "Қазақстан" шахтасының көмір конвейерлік еңісінде өрт болды. Өрт салдарынан бес кенші қаза тауып, он жеті кеншіге денсаулығына орташа және ауыр зиян келтірді", – деп хабарлады Шахтинск сотының баспасөз қызметі.

Прокурор сотталушыларды кінәлі деп танып, әрқайсына төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап заң бойынша жаза тағайындауды, ал адвокаттар сотталушыларды ақтауды өтінді.

Сот барлық сотталушыларды кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде кәмелетке толмаған балаларының болуы, соттылығының болмауы және жұмыстан берілген оң мінездемелер ескерілді.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети