13 желтоқсан 2019 | 14:32

Артур Ардавичус 800 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Артур Ардавичус. Фото Vesti.kz©

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2016-2017 жылдары Қазақстан автоспортын дамытуға бөлінген қаражатты жымқыру ісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2016-2017 жылдары Қазақстан автоспортын дамытуға бөлінген қаражатты жымқыру ісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарды өткізуге өтінімдерді арттыру арқылы Astana Motorsports командасының директоры мен капитаны (мемлекеттің 100 пайыз қатысуы) Артур Ардавичус 800 миллион теңгеден астам ақша ұрлаған. Бұл қаражатты ол шетелдік және қазақстандық компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға 
айналдырған", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов.

Реклама
Реклама

Перовтың мәліметінше, Ардавичус бірнеше рет жауап беру үшін шақыртылған, алайда шетелден келуден бас тартқан.

"Аталған мән-жайларды және Ардавичус мырзаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көрсететін жеткілікті негіздерінің болуын ескере отырып, оған қатысты сырттай "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы санкцияланды. Халықаралық іздеу жариялау туралы материалдар сотқа жіберілді", - деп мәлімдеді брифинг барысында Қаламов.

Тергеу барысында ұрланған қаражаттың нақты сомасы анықталады. Тергеу жалғасып жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная