1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Артур Платонов Nur Otan партиясы бақылау комитетінің төрағасы болды 26 ақпан 2021, 11:42

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Nur Otan партиясы бақылау комитетінің төрағасы болып Қазақстан Азаматтық альянсының вице-президенті,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Артур Платонов Артур Платонов

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Nur Otan партиясы бақылау комитетінің төрағасы болып Қазақстан Азаматтық альянсының вице-президенті, тележүргізуші, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Артур Платонов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Артур Станиславович қоғамдық және партиялық жұмысының үлкен тәжірибесі комитет қызметін күшейтуге ықпал ететініне сенімдімін", - деп жазды Бауыржан Байбек Twitter-парақшасында.

Артур Платонов 2016 жылғы наурызынан бастап Мәжіліс депутаты болып қызмет атқарған. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Сондай-ақ, тележүргізуші "Портрет недели" бағдарламасының авторы ретінде танымал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!