Биыл әлеуметтік желілерде елорда тұрғындарынан электр энергиясы үшін артық төлемдерді алу туралы жазбалары жиілеп кетті. Бұл мәселе қала прокуратурасында уәкілетті органдар, әкімдік және қызмет көрсетушілермен ("Астана-АЭК" АҚ және "Астанаэнергосбыт" ЖШС) талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Энергиямен жабдықтаушы ұйымнан деректерді қабылдап-жинақтаудың тиісінше ұйымдастырылмауына байланысты тұтынылған электр энергиясының көлемі дұрыс есептелмегені анықталды. Көптеген астаналыққа орташа тәуліктік көлемді есептеген. Осылайша, есептеу құралдарының көрсеткіштеріне сәйкес абонент нақты қабылдаған энергия мөлшері үшін энергия төлемін жүргізу туралы Азаматтық кодекстің 488-бабының талаптары бұзылған. Нәтижесінде қала тұрғындарына үлкен мөлшерде есепшоттар келген", - делінген хабарламада.
Мән-жайды анықтау үшін азаматтар "Астана-АЭК" АҚ мен "Астанаэнергосбыт" ЖШС-нің "табалдырығын тоздыруға" мәжбүр болған. Шектелмеген адамдар тобы құқықтарының бұзылуын ескере отырып, қала прокуратурасы Бас прокуратура арқылы Табиғи монополияларды реттеу комитетіне қадағалау актісін енгізген.
"Уәкілетті орган электр энергиясы үшін негізсіз есептеуге жол берген субъектілерге тексеру жүргізу туралы мәселені қарауы қажет. Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда Заңда көзделген ден қою шараларын қабылдайды. Қазіргі уақытта "Астана-АЭК" АҚ бірнеше он мыңдаған абоненттерге электр энергиясының көлемін қайта бөлді. Есептеулерді түзету жұмыстары жалғасуда және ол прокуратураның бақылауында", - делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ, электр энергиясы үшін артық төлемдер бөлігінде тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда азаматтар мен ұйымдар Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі қалалық департаментке өздігінен жүгіне алатыны хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!