27 желтоқсан 2022 | 08:56

Аружан Саин мен Саида Тәукелева "Қазақстан халқына" қоры қамқоршылық кеңесінен кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин мен қоғам белсендісі Саида Тәукелева "Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшелігінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин мен қоғам белсендісі Саида Тәукелева "Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшелігінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы олар 26 желтоқсанда Facebook-те жазды.

"Мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа сенім білдіргені үшін, Қамқоршылық кеңес мүшелеріне бірлескен жұмыс үшін үлкен алғысымды білдіремін.

Қазіргі уақытта "Қазақстан халқына" қоры түрлі жобаларды жүзеге асыруда, адамдарға көмектесуде, бұл өте маңызды! 142,5 миллиард теңгенің 14,6 миллиард теңгесі игерілді.

Бұл ретте жекелеген мәселелер бойынша Қамқоршылық кеңес және басқарма мүшелерінің қор жұмысын ұйымдастыруға, кеңес отырыстарына ұсынылатын жобаларды дайындау мен негіздеуге, жобаларды жүзеге асыруға қатысты көзқарастары әртүрлі.

Басқармаға менің көмегім керек болса, "Қазақстан халқы" қорына көмектесуге дайынмын, ол үшін қордың сенімді өкілі болуым шарт емес.

"Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесінен шығуым біздің балалар үшін қол жеткізгіміз келетін жаһандық мақсаттарымызға әсер етпейді. Әріптестеріме бірлескен жұмысы үшін алғыс айтамын", - деп жазды Саин.

Саида Тәукелева "Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесі мен құрылтайшыларының мүшелігінен шығу туралы өз шешімін "салмақты және ойластырылған" деп атады.

"Әріптестеріме бірлескен жұмысы үшін алғыс айтамын және алдағы уақытта қор Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан қағидаттарға сай жұмыс істейді деп сенемін", - деп жазды қоғам белсендісі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети