28 қыркүйек 2015 | 18:53

Аружан Сайын Назарбаев бөлген 300 мың доллардың қайда жұмсалғанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Аружан Сайын Назарбаев бөлген қаражатты қайда жұмсағанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін "Ерікті Мейірімдік Қоғам" қорының директоры Аружан Сайын Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Мемлекет басшысы бөлген қаражаттың қайда жұмсалғанын айтып, есеп берді.


Иконка комментария блок соц сети

Аружан Сайын Назарбаев бөлген қаражатты қайда жұмсағанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін "Ерікті Мейірімдік Қоғам" қорының директоры Аружан Сайын Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Мемлекет басшысы бөлген қаражаттың қайда жұмсалғанын айтып, есеп берді.

Айта кетейік, биылғы наурызда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада "Ерікті Мейірімдік Қоғам" қорының директоры Аружан Сайынмен және Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеевпен кездесіп, екі қордың әрқайсысына 300 мың АҚШ долларын аударатынын айтқан еді. Бұл қаражат оған Қытайға жасаған сапарында "Жібек жолы" Бейбітшілік сыйлығына орай гонорар ретінде берілген болатын.

Сонымен, қайырымдылық қорының басшысы аударылған қаражатқа "көмей папилломатоз" диагнозы қойылған балалардың Оңтүстік Кореялық емханада емделуіне жұмсалғанын хабарлады. "Президент аударған қаражатқа осы диагноз қойылған Тахирова Чарос ем қабылдады. Мұның Президенттің жәрдемі екенін білген дәрігерлер әсерленді. Олар бізге балаларға көмектесетін елбасымызға құрмет көрсетіп, алғыс хат жазды, олар осы үлгімен қордың кезекті науқасы - бес жасар Төлеубекқызы Әдияға дәл осындай қайырымдылық операциясын жасауға шешім жасады.

2015 жылдың 23 маусымында Әдияға ота жасалды (...)", - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Аружан Сайын.

Ол қорға аударылған 300 мың доллардың қоғамдық бірлестіктің жұмыс істеп келе жатқан уақытынан бері ең үлкен сомадағы қайырымдылық екенін атап өтті. "Сондықтан, біз жыл сайын "Алтын Жүрек" сыйлығын өткізетін Бауыржан Қорына өтініш жаздық, өтінішімізде Нұрсұлтан Әбішұлын "Жыл қайырымдылығы" аталымына ұсындық, сонымен қатар, тағы бірнеше аталым бойынша мына адамдарды ұсындық: Азиз Зайыров - мүмкіндігі шектеулі балаларға көмегі үшін, Горбунов Дмитрий, Махаббат Байбосынова және Марина Чейшвили - денсаулық сақтау саласында. Шолпан Байболова және Мұрат Қабылбаев - жетім балаларға көмегі үшін (...)", - деп хабарлады Аружан Сайын. 

Өзінің жазбасында Аружан Сайын Қазақстан Президентінің қорға аударған қаражатына емделген балалардың аты-жөндерін атады.


© Facebook/ Аружан Сайын

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети