21 ақпан 2014 | 20:02

Аружан шетелдіктердің бала асырап алуын құптайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аружан Саин. Фото ©Ярослав Радловский Аружан Саин. Фото ©Ярослав Радловский

Қазақстандық балаларды асырап алғысы келген шетелдіктерге кедергі келтірмеуіміз керек. Бұл ұсынысты "Мейірім" қоғамдық қорынының директоры Аружан Саин айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аружан ханым ол пікірін Бас прокуратура коллегиясының отырысында жеткізді. "Бұл тұрғыда мен бір ғана ұсыныс айтқым келеді. Шет елдіктердің қазақстандық балаларды асырап алуына тыйым салуға әсте болмайды. Егер бұл заң күшіне еніп кететін болса, онда біздегі денсаулығы нашар балалар бақуатты отбасы мүшесі болу мүмкіндігінен толықтай айырылатын болады. Ал шет елдерде мұндай балаларға үлкен көмек көрсетілетіні белгілі", - деді ол. Алайда ҚР Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметтерде, кейбір мемлекеттер қазақстандық балаларды асырап алушыларды бақылауда ұстау бойынша қазақ елімен байланыста болады екен. "Балаларды бақылауда ұстайтын әлдебір мемлекеттің азаматты біздің балаларымызды асырап алуға ниет танытып жатса, біз оларға кедергі келтірмеуіміз керек. Және ол азаматтар кез келген асыраудағы қазақстандық бала кәмелет жасына толғанға дейін мемлекеттік орган қызметкерлерімен кездесіп тұруына қарсылық көрсетпейтіні туралы кепілдеме беруі тиіс", - деді ҚР Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев. Отырыс барысында сөз алған ҚР Сыртқы істер вице-министрі Рапиль Жошыбаев болса АҚШ-та тұрып жатқан қазақстандық балалар жайында ақпарат алып тұру үшін Америка билігімен келіссөздер жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети