30 маусымда Арыс қаласының 140 оқушысы Ақмола облысындағы Бурабайға оқушылар лагеріне демалысқа кетті, ал 200 оқушы Нұр-Сұлтан қаласына жол жүрді. Олардың қауіпсіздігіне тәлімгерлер жауап беретін болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арыстық балаларды демалысқа жіберудегі басты мақсат - төтенше жағдай факторлары салдарынан мектеп оқушыларына психологиялық көмек көрсету. Осы орайда жиыны 340 оқушыны ата-аналары Шымкент қаласындағы теміржол вокзалынан шығарып салып, сәт-сапар тіледі.
Айта кетейік, Арыс қаласында 40 мектеп бар, мұнда 19 916 бала білім алса, мектепке дейінгі ұйымдарда 5071 бала тәрбиеленіп жатыр.
Жалпы, бүгінгі күнге дейін арыстық 570 бала жазғы саяхатқа жіберілді.