Арыс көшелерінде 5700-ден аса жауынгерлік снаряд табылды

27 Маусым, 12:10
0
Арыс көшелерінде 5700-ден аса жауынгерлік снаряд табылды -

Арыстың көшелерінде 5700-ден аса жауынгерлік снаряд табылды. Бұл туралы Түркістан облысының баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі.

2019 жылдың 27 маусымына сәйкес төтенше жағдай орын алған жерде қауіп-қатерді сейілту үшін Ішкі істер министрлігінен 1488 қызметкер мен 189 техника құралы жұмыс істеп жатыр. Снарядтарды 43 сапер тобы іздестіріп жатыр. Топта 408 адам бар. Сонымен қатар, Арыс аумағында жарылмаған снарядтарды іздеу жұмыстары қолға алынған. Оған қоса теміржол бекеттері мен әскери бөлімдер де тексеріліп жатыр.   

Мамандар табылған снарядтарды арнайы техникамен эвакуациялауға дайындап жатыр. Эвакуациялық бекеттерде 13 187 адам бар. Оның ішінде: Шымкентте - 7249 адам, Түркістан облысында - 5938 адам. Сонымен қатар жедел штабтарда қауырт желісі жұмыс істейді. Жалпы желіге 15 мың 927 адам хабарласқан.

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медициналық көмекке 277 адам жүгінген, оның 74-і ауруханаға жатқызылған. Сондай-ақ үш адам қаза тапқан.

"Жалпы инженерлік техниканың көмегімен барлық көше және Арыстың 16 жер телімі тазаланды. Сонымен қатар темір жолдың 11 шақырымы тазаланды. Қазіргі күні Қорғаныс министрлігімен жеке және тұрғын үйлерде тазалау жұмыстары жүргізілді". - деді ведомствоның баспасөз өкілдері.

Еске салайық, 24 маусымда сағат 9.20-да Арыс маңындағы әскери бөлім территориясында орналасқан қару-жарақ қоймасында оқ-дәрілер жарыла бастады. Кейінірек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа барып, жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған еді. Қалада 45 мың адам тұрады, оның бәрі эвакуацияланған. Қайғылы оқиғадан қала тұрғыны ауыр жарақат алып, қаза тапқан, оның көлігіне снаряд түскен. 25 маусымда бір әскери қаза тапқан, оның денесі қоймалар маңынан табылған. 26 маусымда тағы бір әскеридің қаза тапқаны анықталды.  

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай