28 маусым күні таңертең сағат 6:00-де Арыс қаласынан көшірілген тұрғындар үйлеріне қайтарылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкім кеңесшісі Сәкен Қалқаманов өзінің Facebook әлеуметтік парақшасында хабарлады.

"Арыстағылар үйлеріне автобуспен қайтарылып жатыр. Таңғы сағат алтыдан бастап, барлық эвакуациялық пункттен оралғысы келетіндерді үйлеріне жіберу басталды", - деп жазды ол.
Жақында, Түркістан аймағындағы брифингте Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев Арыс қаласы аумағының 65 пайызы жарылғыш заттардан тазартылғанын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, саперлер 6 мыңнан астам оқ-дәрі тауып, оны зиян келтірмейтіндей еткен.
Сондай-ақ, облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев Арыс қаласының аумағын снарядтар мен дезинфекциядан тазарту жұмыстары аяқталғанын мәлімдеген еді.