Арыс қаласындағы үйлердің бірінде жарылыс болғаны туралы жалған ақпарат таратқан автор кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арыс қаласындағы үйлердің бірінде жарылыс болғаны туралы жалған ақпарат таратқан автор кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
WhatsApp мессенджерінде Арыс тұрғынының үйі жарылғаны туралы аудиохабарлама таралған еді. "Қақпаның сыртына тазаланды деген белгі қойылған. Мұның барлығы жалған. Олар жұбайымен сыртта жүргені қандай жақсы болған, олардың үйі жарылды. Сол себепті абай болыңыздар", - делінген аудио хабарламада.
"Менің атым Жанар, Арыс тұрғынымын. WhatsApp мессенджерінде қайнымның үйі жарылғаны туралы жалған ақпарат тараттым. Барлық қазақстандықтардан, әсіресі оңтүстік өңір тұрғындарынан кешірім сұраймын. Мұның барлығын арам пиғылмен жасағаным жоқ. Шын мәнінде осы ісіме өкінемін және шын жүректен кешірім сұраймын", - деді әйел.