08 шілде 2019 12:26

Арыста 100 оқушыға мектеп құралдары табысталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Біз Арыспен біргеміз" акциясы аясында Арыс қаласы Әліби Жангелдин атындағы мектепте, Алматы қаласы "StartTimе" ЖШС-нің бастамасымен "Мектепке даярлық" атты 100 оқушыға сөмке, оқу құрал-жабдықтары мен қоса мектеп формасын табыстау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл сыйлықтар StartTime.kz порталында Арыс қаласына көмек ретінде, 400-ден аса қазақстандықтан жиналған 2 миллион 700 мың теңге қаражат есебінен жасалды.

Игі бастаманың басы-қасында "StartTime" ЖШС-нің директоры Азиза Өтегенова, Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" мамандары және Арыс қаласы Білім бөлімінің басшылығы болды.

Айта кетейік, 26 маусымнан бастап "StartTimе" ЖШС-нің еріктілер тобы Шымкент қаласындағы эвуакуациялық пункттерде көмек көрсетті. Осы көмектен соң, жиналған 1, 4 миллион теңге қаражатты Арыс қаласындағы көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға мектепке арналған сөмке тағы басқа оқуға қажетті жабдықтар алуға жұмсау туралы шешім қабылдаған болатын.

Бұл шараның ұйымдастырушысы - Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы мен "Жастар ресурстық орталығы".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети