27 маусым 2019 | 09:16

Арыста әйелге арқасын тосқан жігіттің суреті Желі қолданушыларын тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Арыста егде жастағы әйелді фурмонга мінгізбек болып, арқасын тосқан құтқарушының суреті тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Желіде Арыста егде жастағы әйелді фурмонга мінгізбек болып, арқасын тосқан құтқарушының суреті тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, жарияланған сурет 56 мың лайк жинаған және оған Instagram әлеуметтік желісіндегі мыңнан аса жағымды пікір қалдырылған. 

"Суретте Шымкент қалалық ТЖД өртсөндірушілері Абылай Бабаханұлы Бабахан, Бексұлтан Миятұлы Ибадулла, Үсен Асқарұлы Қазыбек, Эльдар Владимирович Қырықбаев әйелді көтеріп, машинаға мінгізіп, Арыс қаласынан эвакациялап, Шымкентке көшіріп жатыр", - деді ведомство өкілдері.

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook желісіндегі парақшасында суреттері жігіттің ТЖК лейтенанты Бексұлтан Миятұлы Ибадулла екенін айтты.

Арыста шамамен 50 жарылыс болды

Еске салайық, 24 маусымда Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Кейінірек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа барып, жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети