ПОДЕЛИТЬСЯ
25 маусым 2019 | 09:59
Арыста жоғалған барлық бала табылды - Ішкі істер министрі
Арыста эвакуация кезінде жоғалған барлық бала ата-анасына тапсырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы үкімет отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Арыста эвакуация кезінде жоғалған барлық бала ата-анасына тапсырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы үкімет отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
"Балабақшадағы барлық бала эвакуацияланды. Олардың ішінде туыстарында болған балалар да бар. Барлық ата-ана іздестіріліп, оларға балаларын тапсырдық. Қазіргі уақытта еш арыз және шағым түскен жоқ", - деді Тұрғымбаев.
Арыс қаласында болған жарылыс кезінде ата-анасынан адасып қалған балалар туралы мәлімет әлеуметтік желі арқылы таралған еді.
Сондай-ақ Tengrinews.kz редакциясына бірнеше баланың суреті жолданған еді. Облыс басшысы Өмірзақ Шүкеев жарылыстың бірнеше күнге созылуы мүмкін екенін мәлімдеген. 25 маусымда түнгі уақытта 117 баланың ата-аналарына тапысырылғаны хабарланды. Осыдан кейін де мың бала ата-анасына тапсырылғаны жайлы хабар тараған еді.
Показать комментарии
Читайте также