24 маусым 2019 | 15:35

Жарылыс кезінде ата-анасынан адасқан балаларды Шымкенттегі мешітке әкеліп табыстап жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Арыс қаласында болған жарылыс кезінде ата-анасынан адасып қалған балалар туралы мәлімет әлеуметтік желі арқылы таралып жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Арыс қаласында болған жарылыс кезінде ата-анасынан адасып қалған балалар туралы мәлімет әлеуметтік желі арқылы таралып жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арыс қаласындағы бүгінгі болған жарылыс кезінде жаппай көшкен халықтың бір бөлігі Шымкент қаласындағы орталық мешітке ("Бекжан" базары маңындағы "Ақмешіт") келіп орналасып жатыр.

Шымкент қаласы орталық мешіттің бас имамының орынбасары Мұхаммеджан Естеміровтың айтуынша, қазіргі уақытта орналасқандардың саны шамамен 500-ден асқан. Сонымен қатар, ата-анасынан адасып қалған, балабақшадан, лагерьлерден жеткізілген балалардың саны 200-ге жеткен.

"Мүмкін болғанша, ата-аналарына хабарласып, телефон арқылы ақпарат таратып жатырмыз. Балалар, әсіресе, балабақша жасындағы балалар көп. Қазір мешіттің жанындағы медресенің жатақханасын босатып, сонда орналастырып жатырмыз. Барынша көмек беруге тырысып бағудамыз. Қала халқына рахмет, сумен, азық-түлікпен көмектесіп жатыр", - дейді орталық мешіттің бас имамының орынбасары.

Арыс қаласы түгелдей эвакуацияланады - Шүкеев

Еске салайық, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр.

Арыстағы жарылыс: 34 адам дәрігердің көмегіне жүгінді 

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі жарылыстардан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет тіркелмегенін хабарлаған болатын. Төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды. Ал қала әкімдігі тұрғындардың жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанын хабарлаған. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған

Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 529.74  course up  546.26  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer