24 маусым 2019 13:12

Арыстағы төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Арыстағы төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Арыстағы төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың басқаруымен шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және Облыстық клиникалық ауруханасында 200-ден аса науқасқа арналған орын дайындалды. 30 жедел жәрдем көліктерін Шымкент қаласына кірер 3 жолға қойылды. Тағы да қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан алдырылған қосымша жедел жәрдем көліктері дайын. Облыстық клиникалық ауруханадан травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлер құрылған медициналық штабқа жиналды. Қазіргі кезде жарақат алғандар жоқ. Эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арыс қалалық орталық ауруханасы мен емханасынан науқастар эвакуация жасалды", - делінген хабарламада. 

Осыған дейін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласындағы жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ - Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыстар жайлы

"Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қаласындағы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет", - деп жазды Президент. 

Еске салайық, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр. 

Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети